• Басты бет
  • /
  • Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі

28 қарашада біздің мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Мектеп ұжымы Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды қуана қарсы алды. Информатика, биология, тарих, химия, техника және басқа да ғылым бағыттары бойынша қаншама қызықты жобалар ұсынылды. Біздің мектептен Науменко Ю., Чупина А., Напрасный Л., Соколова А. қатысты.Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша А. Соколова биология секциясында 2-орынды иеленді.Жетекшісі - И.А. Бузмакова.Ал Напрасный Л. информатика секциясында 3-орынды иемденді.Жетекшісі -Нургалиева Г.Т.,Нуртазина Ж.К.Облыстық байқаудың жүлдегерлерін құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!